unfoldingWord 42 - Исаның көкке оралуы

unfoldingWord 42 - Исаның көкке оралуы

Esquema: Matthew 28:16-20; Mark 16:12-20; Luke 24:13-53; John 20:19-23; Acts 1:1-11

Número de guión: 1242

Lugar: Kazakh

Audiencia: General

Tipo: Bible Stories & Teac

Propósito: Evangelism; Teaching

Citación Biblica: Paraphrase

Estado: Approved

Los guiones son pautas básicas para la traducción y grabación a otros idiomas. Deben adaptarse según sea necesario para que sean comprendidas y relevantes para cada cultura e idioma diferentes. Algunos términos y conceptos utilizados pueden necesitar más explicación o incluso ser reemplazados o omitidos por completo.

Guión de texto

Құдай Исаны өлімнен тірілткен күні шәкірттердің екеуі көрші ауылға бара жатты. Жолшыбай олар Исамен не болғаны туралы және Исраил елін Құтқарушы Мәсіх — Иса деп үміттенгендері туралы сөйлесті. Алайда Оны өлтіріп тастады. Соған қоса қабірге барған әйелдер Оның тірі екенін айтып келді. Енді шәкірттері не нәрсеге сенетіндерін білмеді.

Осы шәкірттердің екеуі өзара сөйлесіп келе жатқанда, Исаның Өзі қастарына жақындап келіп, екеуіне қосылды. Олардан не туралы сөйлесіп жатқандарын сұрады. Олар Оны Иерусалимде болған жайтты білмейтін шетелдік деп ойлап, осы бірнеше күннің ішінде Исамен болған жағдайды айтып берді.

Сонда Иса Киелі жазбалардың бәрінде Мәсіх туралы айтылғандарды түсіндірді. Баяғы заманнан бері пайғамбарлар зұлым адамдардың Мәсіхті азаптап өлтіретіні туралы алдын ала айтқан болатын. Соған қоса пайғамбарлар Мәсіхтің үшінші күні қайта тірілетіні туралы да айтқан.

Шәкірттері түнейтін қалаға жеткенде, кеш батып қалған еді. Сондықтан Исадан олармен бірге қалуын өтінді, сонда Ол екеуімен бірге үйге кірді. Олар тамақ ішуге отырғанда, Иса нанды алып, Құдайға шүкірлік етіп, үзіп берді. Сол кезде шәкірттері Оның Иса екенін түсінді. Бірақ дәл сол сәтте Ол кенеттен ғайып болды.

Сонда шәкірттері бір-біріне: “Бұл Иса ғой! Сондықтан Ол бізге Құдай Сөзін түсіндіріп жатқанда, біз сондай қуанышпен тыңдадық!” — деді. Олар бірден Иерусалимге қайта оралды. Олар сонда жеткенде, қалған шәкірттеріне: “Иса тірі! Біз Оны көрдік!” — деді.

Шәкірттері әлі де сол туралы сөйлесіп жатқанда, кенеттен бөлмеде Исаның Өзі пайда болып: “Сендерге амандық пен тыныштық болсын!” — деді. Шәкірттері Оны елес деп ойлап қалды, бірақ Иса оларға: “Неліктен қорқып тұрсыңдар? Бұл Мен екеніме неліктен сенбей тұрсыңдар? Менің қол-аяғыма қараңдар. Елестің денесі болмайды ғой” — деді. Өзінің елес емес екенін көрсету үшін Иса жейтін тамақ сұрады. Шәкірттері балықтан бір үзіп бергенде, Иса оны алып жеді.

Содан кейін Иса былай дейді: “Мен сендерге: Киелі Жазбада Мен туралы жазылғандардың барлығы орындалуға тиіс деп айтқан болатынмын, енді бұның бәрі орындалды”. Кейін Иса Киелі Жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Ол былай деді: “Ертеде пайғамбарлар былай деп жазған еді, Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Ал сол Мәсіх Менмін.

Сонымен қатар пайғамбарлар былай деп жазған болатын: Менің шәкірттерім Құдайдың сөзін жариялайтын болады. Олар адамдарды тәубеге шақыратын болады. Сонда Құдай адамдардың күнәларын кешіреді. Менің шәкірттерім бүкіл жерде, Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға Ізгі хабарды жариялайтын болады. Сендер Менің айтқан сөздерімді естіп, Менің жасаған істерімді және Менімен болған жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерімсіңдер”.

Содан кейін қырық күн бойы Иса Өзінің шәкірттеріне көрініп жүрді. Бір күні Ол бір мезетте бес жүзден астам адамға бірден көрінді! Ол шәкірттеріне Құдай Патшалығы туралы үйретіп, Өзінің тірі екендігін бірнеше рет дәлелдеп жүрді.

Иса шәкірттеріне былай деді: “Құдай маған көк пен жердің билігін берді. Сондықтан мен сендерге барлық халықтарға барып оларды менің шәкірттерім етіңдер деймін. Оларды Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер. Оларды Менің айтқандарымның барлығын орындауға үйретіңдер. Естеріңде болсын Мен әрқашан сендермен біргемін”

Қайта тірілген Иса қырық күннен кейін шәкірттеріне былай деді: “Менің Әкем сендерге күш бергенше Иерусалимде қала беріңдер. Құдай оны сендерге Киелі Рух арқылы жіберетін болады”. Осыны айтқаннан кейін Иса көкке көтеріліп, бұлтқа оранып ғайып болады. Енді Иса көкте Құдайдың оң жағында отырып бүкіл әлемді басқарады.

Información relacionada

Palabras de Vida - GRN tiene mensajes audios en miles de idiomas que contienen mensajes basados en la Biblia acerca de la salvación y la vida cristiana.

Descargas gratis - Aquí puede encontrar los guiones principales de GRN en varios idiomas y también imágenes y otros materiales relacionados. Todos están disponibles para descargar.

Librería de audio de GRN - Material evangelistico y de enseñanza adecuado a las necesidades y a la cultura en variedad de stilos y formatos

Choosing the audio or video format to download - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons