unfoldingWord 12 - Мысырдан шығу

unfoldingWord 12 - Мысырдан шығу

Esquema: Exodus 12:33-15:21

Número de guión: 1212

Idioma: Kazakh

Audiencia: General

Tipo: Bible Stories & Teac

Propósito: Evangelism; Teaching

Citación Biblica: Paraphrase

Estado: Approved

Los guiones son pautas básicas para la traducción y grabación a otros idiomas. Deben adaptarse según sea necesario para que sean comprendidas y relevantes para cada cultura e idioma diferentes. Algunos términos y conceptos utilizados pueden necesitar más explicación o incluso ser reemplazados o omitidos por completo.

Guión de texto

Исраилдіктер қуанышпен Мысыр елінен шығып жатты. Олар құлдықтан азат болып, Құдайдың уәде еткен жеріне беттеді. Мысырлықтар оларға сұрағандарының бәрін, тіпті алтын, күміс пен бағалы заттарды да берді. Исраилдіктер Мысырдан шыққан кезде, кейбір басқа ұлт адамдары Құдайға сеніп, оларға еріп шықты.

Құдай олармен әрқашан бірге болып, жүретін жолдарын көрсетіп отырды. Халыққа тек Оның соңынан еру керек еді. Құдай исраилдіктердің алдында күндіз бұлт бағанасы ретінде, түнде от бағанасы ретінде жүріп отырды.

Бірнеше күннен кейін перғауын мен оның халқы исраилдіктерді жібергендеріне өкініп, оларды қайтадан құлдыққа салғылары келді. Содан соң олар исраилдіктердің арттарынан қуа жөнелді. Бірақ бұның бәрін Құдай Өзінің перғауыннан және Мысырдың жалған құдайларынан мықты Жаратқан Ие екенін көрсету үшін осылай істеді.

Исраилдіктер оларға қарай мысырлық әскердің келе жатқанын көргенде, перғауынның әскері мен Қызыл теңіздің арасында қамалып қалғанын түсінді. Олар өте қатты қорқып кетті және сол уақытта олар Мұсаға: “Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой!” — деп күңкілдеді.

Ал Мұса халыққа жауап беріп: “Қорықуды доғарыңдар! Бүгін Құдайдың Өзі сендер үшін шайқасып, құтқарады!” — деді. Құдай Мұсаға сөзін жалғастырып былай деді: “Халыққа Қызыл теңіз жаққа қарай жылжи беріңдер, деп бұйрық бер”.

Сол уақытта күні бойы исраилдіктерді жетелеп келе жатқан бағана тәрізді бұлт көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, мысырлықтар мен олардың ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады.

Құдай Мұсаға теңіздің үстіне қарай қолыңды соз деп бұйырады. Мұса қолын көтергенде Құдай теңіздің суын оңға және солға итеретін жел жібереді. Сонда теңіз оң мен сол жаққа екіге бөлініп, теңіз ортасында жол пайда болады.

Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты, су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды.

Мысырлықтар исраилдіктердің қашып бара жатқандарын көріп, арттарынан қуа жөнелді.

Олар теңіздің қақ ортасымен исральдіктердің артынан қуа жөнелді. Жаратқан Иенің алдында мысырлықтардың үрейлері ұшып, берекелері кетіп сасып қалды. Күймелері балшыққа батып, олар бір дауыстан: “Қашайық! Жаратқан Иенің Өзі исраилдіктер үшін күресіп жатыр!” — десті.

Исраилдіктер толығымен теңіздің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін Құдай Мұсаға қолыңды тағы судың үстіне қарай сөз деп бұйырды. Мұса солай істеді. Сонда су өз арнасына қайтадан келіп, бүкіл мысырлықтар судың астында қалды. Осылай бүкіл мысыр әскері суға батып кетті.

Исраилдіктер мысырлықтардың түгел қырылып қалғанын көргенде Құдайға сеніп, Мұсаның — Құдайдың пайғамбары екеніне көздері жетті.

Исраилдіктер өздерін өлім мен құлдықтан құтқарған Құдайдың алдында қуана шаттанды. Енді олар Қүдайға мойынсұнып, Оған еркін қызмет ете алатын болды! Бостандыққа ие болған Исраилдіктер шаттанып, мысырлықтардың әскерінен құтқарған Жаратқан Иені мадақтап ән шырқады.

Құдай исраилдіктерге мысырлықтардың құлдығынан құтылған осы күнді ексе алу үшін жыл сайын тойлаңдар деп бұйырды. Бұл мерекені Құтқарылу мейрамы деп атады. Құтқарылу мейрамында исраилдіктер мінсіз тоқытыны құрбандыққа шалып, оны ашымаған нанмен жейтін.

Información relacionada

Palabras de Vida - GRN tiene mensajes audios en miles de idiomas que contienen mensajes basados en la Biblia acerca de la salvación y la vida cristiana.

Descargas gratis - Aquí puede encontrar los guiones principales de GRN en varios idiomas y también imágenes y otros materiales relacionados. Todos están disponibles para descargar.

Librería de audio de GRN - Material evangelistico y de enseñanza adecuado a las necesidades y a la cultura en variedad de stilos y formatos

Copyright and Licensing - GRN shares it's audio, video and written scripts under Creative Commons

Choosing the right audio or video format - What audio and video file formats are available from GRN, and which one is best to use?