unfoldingWord 50 - Иса қайтып келеді
Esquema: Matthew 13:24-42; 22:13; 24:14; 28:18; John 4:35; 15:20; 16:33; 1 Thessalonians 4:13-5:11; James 1:12; Revelation 2:10; 20:10; 21-22
Número de guión: 1250
Lugar: Kazakh
Audiencia: General
Tipo: Bible Stories & Teac
Propósito: Evangelism; Teaching
Citación Biblica: Paraphrase
Estado: Approved
Los guiones son pautas básicas para la traducción y grabación a otros idiomas. Deben adaptarse según sea necesario para que sean comprendidas y relevantes para cada cultura e idioma diferentes. Algunos términos y conceptos utilizados pueden necesitar más explicación o incluso ser reemplazados o omitidos por completo.
Guión de texto
Екі мың жылдың ішінде адамдар Иса Мәсіх туралы ізгі хабарды естіп келеді. Қауымдар өсіп жатыр. Иса ақыр заманның алдында қайтып келемін деп уәде берді. Иса әлі келмеген болса да, Ол міндетті түрде Өз уәдесінде тұрып, қайта оралатын болады.
Исаның қайта келетінін күткен кезде Құдай біздің Оны қастерлеп, киелі өмір сүргенімізді қалайды. Сонымен қатар басқаларға Оның Патшалығы туралы айтқанымызды қалайды. Иса осы жерде болған кезде былай деді: “Менің шәкірттерім Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды күллі әлемге уағыздамақ. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді.”
Көптеген халықтар әлі күнге дейін Иса туралы естімеген, сондықтан Иса көкке оралмас бұрын Өзінің шәкірттеріне Ізгі хабарды әлі естімеген адамдарға айтып жеткізуді тапсырып кетті. Ол былай деді: “Барыңдар, басқа халықтардан шыққан адамдарға Менің шәкірттерім болуға көмектесіңдер!”. Сонымен қатар Ол: “Оратын егін пісіп тұр. Егін көп, ал жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін сұраңдар” — деді. Бұның мағынасы, Ізгі хабар тарататын шәкірттер көп болу керек.
Иса тағы былай деді: “Қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Адамдар сендерді Маған бола жек көріп, азаптап, өлтіретін болады. Осы әлемде қысымшылық көресіңдер, алайда мықты болыңдар, өйткені Мен осы әлемді басқаратын шайтанды жеңдім! Егер соңына дейін Маған сенімді болып қалсаңдар, онда Құдай сендерді құтқарады.”
Иса шәкірттеріне ақыр заман келгенде адамдармен не болатынын түсіндіру үшін мына әңгімені айтып берді. Ол: “Бір адам егістік алқабына жақсы тұқым еккен. Ол ұйықтап жатқанда жау келіп, бидай арасына арамшөп егіп, көзден ғайып болады.”
“Өсімдіктер көктеп шыққанда, әлгі кісінің қызметшілері одан: “Мырза, сіз бұл алқапқа жақсы тұқым еккен едіңіз ғой, ал мына арамшөптер қайдан шықты?”— деп сұрады. Иесі: “Бұны жауларымның бірі істеді”, — деп жауап берді.
Жұмысшылар иесінен: “Мына арамшөптерді жұлып аламыз ба?” деп сұрады. Иесі: “Жоқ. Арамшөптерді жұлғанда, бидайды да жұласыңдар. Орақ уақытын күтейік, содан кейін арамшөптерді үйіп, өртеп жіберіңдер. Ал бидайды менің астық қоймама жинаңдар” — деп жауап берді.”
Шәкірттері бұл әңгіменің мағынасын түсінбей, Исадан мұны түсіндіріп беруін өтінді. Иса: “Жақсы тұқым себетін адам — Мәсіх. Егіндік алқап – осы әлемді білдіреді. Жақсы тұқымдар — Құдай Патшалығының халқы.
Арамшөптер шайтанның адамдарын бейнелейді. Арамшөп еккен адам – шайтан. Егінді ору уақыты ақыр заманды бейнелейді, ал жұмысшылар Құдайдың періштелері.
Заманның ақыры келгенде періштелер шайтанның адамдарын жинап алып, жалындаған отқа лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенеді. Ал Исаның артынан ерген әділ адамдар Құдай Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады”.
Ақырзаман келмес бұрын Иса жерге қайта оралатынын уәде еткен. Ол көкке қалай кеткен болса, тура солай бұлтқа оранып қайтып келеді. Иса қайтып оралған кезде, бұ дүниеден кеткен сенушілер қайтадан тіріліп, Исамен бірге көкте кездесетін болады.
Ал осы әлемде Исаға сеніп тірі жүрген сенушілер, өлімнен қайта тірілген сенушілерге қосылып, көкке көтеріледі. Олар өзінің халқымен мәңгі өмір сүретін Исамен бірге болады. Иса олармен бірге болғандықтан, адамдар мәңгілік тыныштыққа кенеледі.
Исаға сенген әрбір адамға салтанатты тәж кигіземін деп Ол уәде еткен. Сол адамдар Құдаймен бірге бүкіл әлемді басқарып, шынайы тыныштықта өмір сүретін болады.
Алайда Құдай Исаға сенбеген әркімді соттап, тозақ отына тастайды. Сол жерде олар зар еңіреп жылап тістенетін болады. Олар мәңгілік азап шегетін болады. Мәңгі жанып тұратын от оларды жалмап, құрттар оларды жеулерін тоқтатпайды.
Иса қайтып келгенде Ол шайтан мен оның патшалығын толығымен талқандайды. Иса шайтанды тозақ отына лақтырады. Шайтан Құдайды тыңдамағандармен бірге тозақтың отында мәңгі жанатын болады.
Адам ата мен Хауа ана Құдайға мойынсұнбағандықтан осы әлемге күнәні алып келді. Сондықтан жер бетіне Құдайдың қарғысы келді және бір күні ол мүлдем жоқ болады. Бірақ Құдайдың кемелді болатын жаңа аспан мен жаңа жерді жарататын уақыты келеді.
Иса және Оның халқы сол Жаңа Жерде өмір сүретін болады. Ол сол жерде мәңгі билік құрады. Иса адамдардың көз жасын сүртеді. Енді ешкім жыламайды, қиналып азап шекпейді. Олар ауырмайды және мәңгі өмір сүреді. Зұлымдық атаулы жойылады. Иса Өз Патшалығында әділдікпен және тыныштықпен билік жүргізетін болады. Ол Өз халқымен мәңгі бірге болады.